ВЕРНУТЬСЯ

 
  Халқым тыңдап, мен сөйлеп, 
Басылмаған қызығым.
Қызыл тілді сайратып,
Халқым көрген қызығын.
Қарқыным қатты келгенде,
Аңдамай қалад ақылым,
Қай сөзімнің дүзігін.
Қарамай менің көңіліме,
Ағат кеткен жер болса,
Түзетіңдер, бұзығын!
Тарқамай қалмас құмарың,
Көтеріп әрең салғандай,
Алты қарыс сазандай,
Алдарыңа созамын.