ВЕРНУТЬСЯ

"          Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, кедей шаруаның үйінде туған. Әріпті оқуға беруге әкесінің қаражаты болмаса да, ол бай баласының орнына жалданып барып Семей қаласындағы миссионерлік мектепті де, онымен қатар медресені де бітіреді. Жасынан зерек, ыждаһатты Әріп ана тілімен бірге орыс, қытай, араб, парсы тілдерін де үйренеді. {mospagebreak}Оқуын бітірген соң алғашқы кезде мұғалім болып бала оқытады, кейінірек қытайдағы Шәуешек қаласында орыс консульствосында бірнеше жылтілмаш қызметін атқарады. Сонан соңАлматы, Бішкек қалаларында әр түрлі қызметте болады.         Әріп өмірінің соңғы жылдарына дейін заңсаласында тергеуші, адвокат болып қызмет істейді. Шығармашылығының алғашқы кезеңінде Әріпке шығыс әдебиеті үлгілерінің әсері басымырақ болып, ол, бір жағы,қисса жазуды машық етсе, екіншіден, араб-парсы сөздерін көп қолданып келсе, кейін Абайдан үйреніп және орыс классиктерінің шығармаларымен жете танысқан соң, халық өмірін шыншыл тұрғыдан көрсететін өлең-поэмалар жазып қалдырды.   "

Әріп