ВЕРНУТЬСЯ

     Сап-сары
жапырақтар...

Сал-сары
жапырақтар...

Саудырап құлап
жатыр атырапқа.

Біреудің
жанарында,

Біреудің
табанында,

Сап-сары
жапырақтар жоғалуда.

Қаусаған қаңқасы
тұр ағаштардың,

Жасыл бақ
тоналуда, тоналуда.

Естілмей құстың
әні,

Естілмей құстың
үні,

Жалғанның кетті
сәні, ұшты; гүлі.

Сырғасынан
айрылған ақ қайыңның,

Басына бар
ғаламның түсті мұңы.

Сап-сары
жапырақтар,

Сап-сары
жапырақтар,

Саудырап құлап
жатыр атырапқа.