ВЕРНУТЬСЯ

          Шаттыққа, тірі болсаң, кенелерсің,

Сөйлейсің бізден ірі, бөлек ерсің.

Сен тағы қазақпын деп жар салар ең,

Өйткені өр ақынсың, көрегенсің.

Саңқылдап еркіндікте ғажап үнің

Халқыңның баяндай кеп азабын мың,

Жалқауын, күншілдерін, аярларын

Бәрін де құшақтар ең қазағыңның.

Ғажап қой пейіл деген, төзім деген

Сен шығар бар қазақты өзім деген.

Сыйпасаң маңдайымнан «қызым бол»

Менің де жетімдігім сезілмеген.

Ақын ең ұлтыменен мұндас жаны,

Қазағың әлі ешкіммен сырласпады.

Жан аға, жазылмай тұр еркін елдің

«Мен-қазақпын» сияқты бір дастаны.