ВЕРНУТЬСЯ

      Тіршілік тұтқасы - күн сөнер

Дегенге айтындар, кім сенер?

Әлемде тыныштық тұрса егер

Біздерміз өмірге нұр себер!

Қайырмасы:

Қолдарға...

Қолдарға ту ұстап біз өтсек,

Өмірдің бақшасын күзетсек.

Сойқанды соғыс - өрт, кіл апат,

Ол - қайғы, ол - үрей, алапат.

Бейбіт күн береке баршаға

Тыныштық, тыныштық - бір рақат!

Қайырмасы:

Әлемде...

Әлемде бейбіт күн
сөнбесін

Тыныштық дүниені
тербесін.

Кең дала, көк
өзен армысың!

Армысың, Алатау,
қарлы шың!

Осы алып кеудеңде
мәңгілік,

Тыныштық сәбидей
қалғысын!

Қайырмасы:

Тамсанып...

Тамсанып көркіне
жер-көктің,

Сезінем иісін
жөргектің.

Сұм соғыс - қанды
ажал, cop, қайғы,

Ажалдың дегені
болмайды!

Әкелер баласын
қорғайды,

Әлемде тыныштық
орнайды!

Қайырмасы:

Әке боп...

Әке боп, өмірде
ер жетсек,

Бөпенің бесігін
тербетсек!