ВЕРНУТЬСЯ

          Сорлы қазақ
жан алқымға тығылып,

Қара күн
кеп, тіккен туы жығылып,

Алға баспай, біткен ісі кер кетіп,

Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;

Оқу-білім жақындатпай, жолатпай,                                                   

Қырын қарап,
қазақ ісін ұнатпай,

Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр,

Қанды жаспен екі көзін шылатпай.

Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,

Қылышын алып, «надандық» саған көздеңді.

Шетке лақтыр,
тұмақтай алып, тұра кеп,

Ертеңді-кеш
басыңа мініп өзгеңді!

Кітап әпер, оқысын
балаң, қолына,                                                          

Малды аяма оқу-білім
жолына.

Өнер алып, басқалармен қатар бол,

Жер жүзі бір адамзаттың ұлына!

Байғұс
қазақ бас көтеріп, тұрар ма?                                                    

Көңілі түсіп,
білім мойнын бұрар ма?

Күні туып оң жағынан, солдан - Ай,

Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?