ВЕРНУТЬСЯ

      Лашын құстай
таранып,

Сыртың сұлу
көрінген.

Неңді медеу
саналық,

Жел еседі
жеріңнен.

Қайымады
түйелер,

Қысырады биелер.

Қыста қырсыз, жұт
болдың,

Елге жүгіңді үйе
бер.

Шығынмен де
шаршаттың,

Енді қайтіп күй
енер?!

Көргеніміз сол
болса,

Неміз қалды
сүйенер!

Қазбасам да мен
онша,

Елдің өзі-ақ
жүйелер.