ВЕРНУТЬСЯ

       Күрсініп көкірегім, жылайды ішім,

Өсем бе, өшемін бе құдай білсін.

Қанды дағын жүректің қалдырайын,

Қаласа біреу-міреу сұрай жүрсін.

Көрсін де жүрегімнің аққан қанын,

Ақ қағазда жол-жол боп жатқан дағын,

Байқап бір қарасын да, іздегендер,

Жаудырсын мақтауларын, даттауларын.

Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем,

Шаттығым, мұқым да бар,

Несін бүгем.

Кей-кейде
сүріндім де, түңілдім де,

Алайда,
жоғалтпадым есімді мен.

Жақпадым
жауыздықпен аққа қара,

Жатсынып
жатқаным жоқ жатқа нала.

Гаваньға құлап түскен ақ шағала -

Жырымды тірілтем деп әурелендім,

Мастанбай ақын деген атқа ғана.

О, Муза!

Тағдырыма иемісің?!

Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.

Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,

Сен мені
жаралғансың сүю үшін.