Тағы да көктем келді,
бал сезімдерге, сал сезімдерге ұран сап,
өткінші ғұмырдай қылықтары мол бұлаң шақ!
Көн қөңілдер де теңіз боп көлкіп кетіпті-ау
ару қыз аңсап, жыр аңсап!
Бұ не деген құдірет!
Дүниенің бәрін құштарлық қаптап кеткен бе,
адамның бәрі мас болып жүр ғой от-демге!
Байырғы күңгірт күндер де қайтып келместей...
Жабырқап жүрген жоқ пенде.
¥мытып жатыр жұмыр жер
октем мезгілдің қалдырған қаза-қайғысын.
Жастық жүр жайнап еқпіні-дауыл, Ай мүсін.
Тіледім: мұндай сәттерде зұлым ойынан
қатыгездер де айнысын!
Қыз-көктем келіп
қызғалдақ қадап жүр белде,
дүние түгел ұқсасын дей ме гүлдерге.
Табиғат жанды сергітіп алады екен-ау
тірліктен қажып қалжырап жүрген күндерде.
1970
- 347 просмотров