ВЕРНУТЬСЯ

   Қазіргі Семей өңіріндегі, Жарма ауданында туған.Өмірі мен шығармашылығы жөнінде деректер көп сақталмаған.Бізге белгілі туындыларынан - Жанақ, Тезек, Қарқабат, Құлмамбет ақындарменайтыстары ғана. Жанақтың «Кемдігіңді, бала Найман, ойлағайсың» деп менсінбейтиісуіне қарағанда, Түбек Байқошқарұлы онымен жас кезінде айтысса керек.Түбектің Қарқабатпен айтысы сәлемдесу, көңіл сұрау жүйесімен құрылып, көп жылкөріспей сағынысып жолыққан шәкірт пен ұстаздың бір-біріне қалтқысыз достығынкөрсетеді.Ал Тезек төремен жәнеҚұлмамбетпен айтыстары - Түбектің өнернамасындағы елеулі әлеуметтік маңызы бартуындылар. Ол төрені әділетсіз парақор («Алым ап, жер бетіне түк қоймаған,нысабын сайтан алған Тезек төре»), Құлмамбетті төрені мадақтаушы ақын («Көлқорыған жағал қызғыш») ретінде қағытады.

Түбек