ВЕРНУТЬСЯ

Бәрі өткінші,Қайтемін қуып, күнім,Ертең алыс – бүгінгі жуықтығың.Үміт қызық бәрінен,Жүр одан да,Әлі алда деп ләззатты,Уытты күн. Бәрі өткінші,Тұрақ жоқ қызықта түк,Қиял суда жүрер тек жүзіп – батып.Өткен күндер оқ болып ұшыпты да,Көп мейрамды,Тарихқа тізіпті атып. Қуанышқа болсаң да,Қалқам, асық,Бәрі өткінші қайтесің жанталасып.Уақыт – жүйрік,Одан да сол шіркіннің,Бос жібермей тізгінін,Қал таласып.