ВЕРНУТЬСЯ

        Бауырсақ мұрны пұштиып,

Бесікте жатты Ұлбосын.

Әкесінің ойында:

«Ұлбосыным
пұл босын!..»

Тышқан көзі
сықсиып,

Ойнап жүрді Ұлбосын.

Әкесі енді жиірек

Ойлап жүрді: «Пұл болсын!..»

Бүйрек беті бұлтиып,

Шолпы тақты Ұлбосын.

Күлім қақты әкесі,                                                                               

Ойға батты: «Пұл
болсын!..»

Салмақты қыз боп
ақылды,

Он бірге жетті Ұлбосын.

Мал алуға әкесі

Құдаға кетті: «Пұл
болсын!..»

Бауырсақ мұрын, бүйрек бет

Он беске келді Ұлбосын.

Әкесі ойды иректейд:

«Отыра түссін, пұл болсын!..»

Ирек боп қалды-ау ой шіркін,

Пұл болмады-ау Ұлбосын.

Ұлбосын
биыл есітті:

«Енді әйелге жол болсын...»

Естіпті де досына:

«Мән-жай мынау... ал досым...»-

Депті. Сөйтіп, сол түнде-ақ

Кетіп-ақ қалған Ұлбосын.

Бұрқырап отыр әкесі:                                                                            

«Құл
болмаса, бұл болсын!»

Мен не деймін, қалқам-ау,

Жол болсын
деймін, жол болсын.