ВЕРНУТЬСЯ

        -Түн
түнерді, ұйықтады ауыл,

Сорлы, бейбақ, атаң қайда?..

-Боран
мынау, туды дауыл,

Апатайым, атам қайда?..

-Сорлы,
бейбақ атаң қайда?

Көр үңгірді боран көмді!..

-Апатай-ау,
атам қайда?

Әйнек сынды, білте сөнді...

-Көр үңгірді
боран көмді,

Көмді ме екен атаңды әлде?..

-Әйнек
сынды, білте сөнді,

Сөнді ме екен атам да әлде?..

-Көмді ме
екен атаңды әлде?

Қалқам, қандай күйге түстік?..

-Сөнді ме екен атам да әлде?

Апа-ау, мұнша жасың ыстық!..

-Қалқам, қандай күйге түстік?

Жаным -
жара, көңілім - қаяу!..

-Төкпеші, апа, жасыңды ыстық!

Байқашы өзің: боран баяу!

-Жаным - жара, көңілім - қаяу,

Аман ба екен бейбақ атаң?

-Жел де бәсең, боран баяу,

Қарашы, әне, ағарды таң!..

-Аман ба екен бейбақ атаң?

Құлыншағым,
қорғаным - сен!

-Міне, атты таң! Аман атам!

Қапа болма, қорғаның - мен!..