Мемлекетке 1 млрд. 145 млн. теңге залал келтірген жалған кәсіпкер сотталды - БҚО

Орал қалалық сотының үкімімен жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін «Жайық Компани» ЖШС басшысы Е.Гильдерманға үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тергеу барысында оның 2012-2014 жылдар аралығында Орал қаласы аумағында іс жүзінде жұмысты орындамаса да және қызметті көрсетпесе де, жалған құжаттарды толтыру жолымен жалған мәмілелер жасап, жеке кәсіпкерлік нысандары басшыларына өз қызметтерін ұсынғаны анықталды.

Сөйтіп Е.Гильдерманның қылмыстық іс-әрекеті салдарынан мемлекетке ірі көлемде, яғни 1 млрд. 145 млн. теңге залал келтірілген.

Қазіргі таңда «Жайық Компани» ЖШС жалған мекемесінің 64 контрагенті бойынша  салық жіберу жұмысы жүргізілуде.

Сот актісі заңды күшіне енді.

http://inform.kz/
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.