Батыс Қазақстан облысында су ресурстарын игеру жобасы жүзеге асырылып жатыр

Жайықтың суын облыстың оңтүстік-батысындағы Қараөзенге жеткізу арқылы жыл сайын Саратов облысынан келетін су көлемін 30%-ға дейін төмендетуге, яғни көрші елге тәуелділікті азайтуға болады.

Бұған дейін жалпы ұзындығы 161 шақырымдық Киров-Шежін арнасы тазаланса, биыл жобаның үшінші кезеңінде жаңадан 20 шақырымдық канал қазу жұмыстары жүріп жатыр.

Одан кейін Жалпақтал ауылы тұсынан су қоймасының құрылысы басталмақ. Жоба жүзеге асқанда облыстың 4 ауданында 6 мың гектардай көл табанына су жиналып, суармалы жер көлемі айтарлықтай арта түседі.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Төртінші кезеңде Елбасы тапсырмасы бойынша Жалпақтал су қоймасын бастауды көздеп отырмыз. Ол жерде 30 млн-нан астам текше метр су болады. Жыл сайын көктемде қардың ағын суы дамбаларды жырып кетіп жатады. Ал нағыз су қажет кезде тапшы болып жатады. Сондықтан сол Жалпақтал су қоймасын бітіретін болсақ, 4 ауданға үлкен қолдау болады.
 

http://24.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.