Көлік педальдарын шатастырған қыз өзенге құлап кетті

Татарстан Республикасының астанасында рулінде бойжеткен болған көлік қоршауды бұзып, өзенге құлады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Оқыс оқиға 10 тамызда сағат таңғы 10-да орын алды. КИА автомобилі Правобулачная көшесінің бойымен Кремль жаққа қарай бағыт алған.

Көшелердің қиылысына жеткенде қыз жолда жүру ережесін бұзып, солға бұрылмақ болды. Сөйтіп ол газ бен тежегішті шатастырып алды деп жазды life.ru.

Салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, қоршауды бұзған күйі суға құлады. Құлаған кезде автомобиль салонында тағы екі жолаушы болған. Олар зардап шекпеді. Көліктегі адамдар автомобильден өздері шықты.

nur.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.