- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Атырауда Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері өтеді
15-16 мамыр күндері Атырауда Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері өтеді.
БҚО әкімдігінен алдын ала түскен мәліметтерге қарағанда, алдымен батысқазақстандықтарды Индер және Махамбет аудандары қарсы алмақ. 15 мамыр күні Индер ауданында БҚО халық шығармашылығы орталығы ұжымдары, Махамбетте Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі концерт қояды.
Ал Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрында БҚО суретшілері, тарихи-өлкетану музейі, Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың көрмелері ашылып, БҚО қазақ драма театры Иран Ғайыптың «Махамбет» спектаклін сахналайды. Сондай-ақ БҚО әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі Исатай-Махамбет алаңында өнер көрсетпек.
16 мамыр күні батысқазақстандық ақын-жазушылармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, айтулы шара БҚО өнер шеберлерінің гала-концертімен тәмамдалмақ.
Айта кетейік, бұдан бұрын атыраулықтардың батыс өңірдегі мәдениет күндері табысты өткізілген болатын.
inform.kz
- 105 просмотров
Добавить комментарий