- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Батысқазақстандық дзюдошылар халықаралық жарыстың жүлдегері атанды
Батысқазақстандық Темірлан Көлбай мен Ерназар Хамзин Шымкентте қала кубогі үшін 1994-1995 жылғы жастар арасында өткен халықаралық турнирдің жүлдегері атанды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінің спортшылары қатысты. Ерназар Хамзин 81 келі салмақта екінші орынға көтерілсе, Темірлан Көлбай 100 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Жастар арасында БҚО құрамасының аға бапкері - Арман Бәйенов.
Қазіргі кезде аталмыш палуандар Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынында. Олар көп ұзамай Лейбниц (Австрия) қаласында 28 мамыр-5 маусым аралығында өтетін халықаралық турнирге аттанбақ.
inform.kz
- 74 просмотра
Добавить комментарий