Оралда пара алды деген күдікпен әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері қамауға алынды

Орал қалалық сотының қаулысымен кеше облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының қос бірдей қызметкері қамауға алынды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш қызметкерлер алдын ала сөз байласып, әкімшілік хаттама толтырмау үшін бір азаматтан 50 мың теңге көлемінде пара алған. Содан кейін әлгі азамат қаржы полициясына шағым түсірген.

«Әмбебап» полицейлерге ҚР ҚК 311-бабы 4-бөлімі «а, б» тармақтарымен айып тағылып отыр.

inform.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.