- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Оралда жауынгер іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгері, аға сержант Ақылбек Серғазиев іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.
Қолбасшылықтың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 27 мамыр күні түсте А.Серғазиев М.Ықсанов көшесінде күдікті ер азаматтың жүгірген бойы жолдың арғы бетке өткенін байқайды. 15-20 метрдей жүрген кезде «Көмектесіңдер!» деп айқайлап келе жатқан қызды көреді. Ол екі бірдей «Самсунг» ұялы телефоны ұрланғанын айтады. Сол бойда жауынгер қашып бара жатқан күдіктінің соңына түсіп, «Зиг-Заг» азық-түлік дүкені артындағы көп қабатты үйлердің ауласында қуып жетеді. Аға сержант қоян-қолтық ұрыс әдісін пайдаланып, оны қолға түсіреді. Күдіктіні тексергенде, оның қалтасынан екі ұялы телефон табылды.
Тексеру барысында Б. деген күдіктінің он төрт қылмыстық іске қатысы бар деген айыппен іздеуде жүргені анықталды.
Телефоны қайтарылған Анаргүл Төлеуғалиева есімді тұрғын жауынгерге ризашылығын білдірді.
Қырағылық танытқан А.Серғазиев жоғары басшылық алдында марапатқа ұсынылды.
inform.kz
- 44 просмотра
Добавить комментарий