- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Заңсыз иеленген жерді сот қайтарып берді
![](http://ip24.kz/sites/default/files/styles/large/public/20140219184422_4.jpg?itok=iOuW3LR5)
Орал қаласының әкімі «Батыс Қазақстан аумақтық жер инспекциясы» ММ жүргізген тексеру қорытындысына сәйкес «Мерей» сауда үйі» ЖШС өздігінен иеленіп алған 132,33 шаршы метр жер телімін кері қайтару жөнінде сотқа жүгінді.
Орал қалалық №2 сотынан түскен мәліметке қарағанда, тексеру барысында «Мерей» сауда үйі» ЖШС-ның аталмыш жер телімін иеленуге құқық беретін ешқандай құжаты болмай шыққан. Шын мәнісінде бұл жер Орал қаласына тиесілі.
«Мерей» сауда үйіне» жер заңнамасының бұзылуын жою жөнінде бір ай мерзімге ұйғарым берілген. Алайда жауапкер заңсыз иеленген жер телімін босатпаған. Сол себепті ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі БҚО бойынша аумақтық жер инспекциясы жергілікті атқарушы органға сотқа жүгіну жөнінде қатынас қағазын жолдаған.
Сот шешімімен қала әкімдігінің талапарызы қанағаттандырылды.
inform.kz
- 46 просмотров
Добавить комментарий