Оралда жол-патрульдік полициясы батальоны қызметкері өзі жол ережесін бұзды

Орал қаласында жол-патрульдік полициясы батальоны жүргізушісі жол ережесін бұзып, жол-көлік оқиғасын жасады.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Талғат Ахаевтың айтуынша, аталған қызметкер әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізілуде.

Оқиға 20 маусым күні кешкісін Еуразия және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орын алған. Полиция автокөлігі Құрманғазы көшесінен Еуразия даңғылына бұрылған кезде №20 бағытпен жүретін автобусқа жол бермей, оның сол жақ бүйірінен түйген.

Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар, сирек те болса, ұшырасып тұрады.

http://kazinform.kz/
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.