Жан азығы

Мемлекеттің бүгіні бекем, болашағы айқын болуы үшін заңымыз әділ, әрі қоғамдық қатынастарды оңды шешуге ыңғайлы болуы тиіс. Бірінші кезекте заң шығаруға құқық берілген органдардағы қызметкерлер терең білімді және елдің ахуалын толық білетін, қазақтың тарихын, салт-дәстүрін жетік игерген, құқықтық жағынан сауатты болуы шарт.

Екіншіден, заң талабы баршаға бірдей болып, оның орындалуын қадағалаушылар заңның үстемдігін толық қамтамасыз еткені жөн. Әйтпесе қазіргі қоғамда заң алдында бәрі тең қағидасына халықтың сенбеушілігі байқалады.

Үшіншіден, заңды «жеті реп өлшеп, бір рет кес» демекші, болашақты бағамдап бір қабылдау қажет. Орынсыз немесе белгілі бір топтың мүддесіне ыңғайлап өзгерте беруге болмайды. Заңымыз түлкінің құйрығындай жалт бере берсе қадірі кетіп, халықтың көңілі толмайды.

Болашақ кемінде бүгіннен басталатындықтан заңымызды сапалы қабылдап, бұлжытпай орындайық.

Ақбай Баржыұлы

Добавить комментарий

Filtered HTML

  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Разрешённые HTML-теги: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.

Plain text

  • HTML-теги не обрабатываются и показываются как обычный текст
  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.
CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.