Қадыр түні қашан?

Қазақстандықтар Қадыр түнін шілденің 13-інен 14-іне қараған түні күтеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

«Алла Тағала Рамазан айы жөнінде қасиетті Құранда арнайы сүре түсірді. Ол сүреде Қадыр түні жайында айтты. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Біз қасиетті Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Бұл түн мың айдан да қайырлы», дей отырып, Қадыр түнінің маңыздылығын бізге баян етті. Бұл түннің маңыздылығы соншалық, осы түннің құрметіне бүкіл періштелер жерге түсіп, Алланың әрбір пендесінің тілегіне «әмин» дейді екен. Таң атқанға дейін періштелер Алланың құлдарына тілекші болып тұрады. Биыл Қадыр түні шілде айының 13-інен 14-іне қараған түнге тұспа-тұс келеді. Алла бұйыртса, 13 шілдеден 14 шілдеге қараған түні Қадыр түнін қарсылап өткіземіз», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Добавить комментарий

Filtered HTML

  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Разрешённые HTML-теги: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.

Plain text

  • HTML-теги не обрабатываются и показываются как обычный текст
  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.
CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.