Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «СКА-Свердловск» командасын ұтты

Допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» кеше Екатеринбургте жергілікті «СКА-Свердловск» командасымен айдынға шығып, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, батысқазақстандықтар бірінші таймда 4:1 есебімен алда  тұрған болатын. Матчтың екінші кезеңінде айдын иелері барын салғанымен, тең ойынға да қол жеткізе алмады. «Ақжайықтың» құрамындағы ресейлік легионерлер Максим Пьянов пен Сергей Башаев қос-қостан доп соқса, Орал допты хоккейінің түлектері Самат Аманшин мен Ескендір Нұғманов та айдыннан құр кетпеді.

Бұл - Дмитрий Иванников жаттықтыратын «Ақжайықтың» жаңа маусымдағы қатарынан екінші жеңісі. Бүгін аталған командалар екінші кездесуін өткізеді.  

http://www.inform.kz/
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.