Британдық боксшы қазақ боксшыларын нағыз жыртқышқа теңеді

Британдық әуесқой боксшы Рамез Махмуд қазақстандық боксшылардың аяқ алысына таңдай қақты. Ол Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левиттің өнеріне тәнті болған.

 

Бұл туралы sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Сіздер қазақстандық боксшыларды немен тамақтандырып жатырсыздар? Мен көрген екі боксшы нағыз жыртқыштар! Одан бөлек, Головкин де бар", - деп жазды твиттерге Рамез.

Еске сала кетейік, 75 келідегі Әлімханұлы келесі айналымда алжирлік боксшымен, 91 келідегі Левит маврикиялық боксшымен жұдырықтасады.

nur.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.