Мәсімов Медведевпен Кенесары ханның басын елге қайтару мәселесін талқыламақ

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей премьері Дмитрий Медведевпен кездесуінде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеретінін мәлім етті.

«Д.А.Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмын», - деп жазды премьер-министр желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Қазақстанның премьер-министрі Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкімет басшыларының отырысына қатысу үшін Сочиге барған.

nur.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.