- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Қарағандылық жігіт отасы үшін халық жинап берген қаражатты өзге науқастарға аударды
Отандық нейрохирургтер көпшілікке танымал болған қарағандылық Нияз Сүндетәлиевке үміт сыйлады деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Айта кетейік, Нияз осыдан бірнеше жыл бұрын алған жарақатынан мүгедек болып қалған еді. Қазақстандықтар оған шетелде операция жасату үшін қаржы жинап берген де болатын. Алайда, президент іс басқармасы медициналық орталығының мамандары оған операцияны тегін жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Сондықтан Нияз қолындағы жиналған 5,5 млн теңгені шетелде жедел ем алуы қажет балаларға аударды.
Енді отандық дәрігерлер Нияз Сүндетәлиевке осы айда операция жасамақ. Қайсар жігіт өзінің науқастығына қарамастан аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласады. Өзінің жеке блогын жүргізіп отыр. Түрлі қайырымдық шараларға қатысып, жетім балаларға қолдау көрсетуге мұрындық болуда.
nur.kz
- 168 просмотров
Добавить комментарий