- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Өзбек боксшысын жеңген Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды
69 келіде ел намысын абыроймен қорғаған Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды деп хабарлайды NUR.KZ.
Финалда Данияр өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты таза жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы бокстан Риодағы алғашқы алтынын алды.
Жартылай финалда Елеусінов жарақат алып қалған болатын. Оның үстіне, өзбек боксшысы да өте лас жұдырықтасып, мейілінше Даниярды жарақаттауға тырысты десек артық емес.
Әйтсе де, қазақ халқы үшін өте маңызды кездесуде Данияр Елеусінов бар күшін салып, алтын жүлде жеңіп алды.
Данияр Қазақстан құрамасына Олимпиададағы үшінші алтынды әкелді. Осыған дейін ауыр атлет Нижат Рахымов пен жүзуші Дмитрий Баландин чемпионатанған болатын.
Енді Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының финалында, Иван Дычко менДариға Шәкімова жартылай финалда жұдырықтасады
https://www.nur.kz
- 93 просмотра
Добавить комментарий