Қатыным" дегенге қуаныңыздар, қатындар

"Қатын" сөзі дөрекі әрі басынғандық түрінде естіледі. Күйеуге шыққан қыздарды қазақтарда "қатын" дейді. Бірақ көбіміз бұл сөзді теріс түсінеміз. "Қатын "байырғы қазақ тілінде "құтым" (бағым, ырысым) деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында "құтым" сөзі "қатынға" ауысыпты.

"Қатын" сөзі араб тілінде хатун - “таң нұры”, ал парсы тілінде "қатун" - “түнгі ләззат” деген мағынаны білдіреді.

Осыдан 1500 жылдай бұрынғы ата-бабамыз Көктүріктердің сына жазуларында да "қатын" сөздері кездесіпті.

«Қатын» сөзі байырғы түсінікте қазіргі қазақ тіліндегі «ханым» дегенді білдіреді. Себебі, түркі жазуларында оның мағынасы сондай. Тағы бір жерлерде "қатын" сөзінің төркіні ежелгі түркілер дәуірінен бастау алғаны жайлы, ерте көктемде гүлдейтін бәйшешек гүлінің хош иісін “хотун” деп, сол иіске әйел затын теңестіргендігі жайлы айтылыпты. Қай дерекке иек артсақ та, "қатынның" мағынасы дұрыс сияқты.

Ал, қазір "әйел" деген сөзді әспеттейтін болдық. Көбіміз әлі күнге "қатыннан" қашып, "әйелді" ардақтап жүрміз. "Әйел" парсы тілінен енген "әййәл" - сайқал, жезөкше деген мағынаны білдіретін сөз.

"Шын-ақпарат"
FB парақшасынан

Добавить комментарий

Filtered HTML

  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Разрешённые HTML-теги: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.

Plain text

  • HTML-теги не обрабатываются и показываются как обычный текст
  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.
CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.