- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Ақтөбенің шағын аудандарында бейнебақылау камералары орнатылады
Ақтөбеде жаңадан бой көтерген шағын аудандарға бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.
Қазірдің өзінде қала көшелерінде 103 камера күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Соңғы 2 айда көше камераларының көмегімен 11 қылмыс ізі суымай ашылған. Бейнебақылау жүйесі өткен жылы 76 қылмыстың ашылуына себепкер болыпты. Олардың басым бөлігі көлік кептелісі көп болатын көше қиылыстарында, ірі сауда орындары мен базарлардың айналасына орнатылған. Биылдан бастап, жаңа шағын аудандар да бақылау жүйесіне қосылды. Мысалы, «Ақылды қала» жобасы бойынша, «Нұр-Ақтөбе» ауданына орнатылған 7 камера бірнеше көп қабатты үйдің ауласын қамтиды.
Еркін Еңсепов, қалалық ІІБ жедел басқару орталығының басшысы:
- Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен біздерге биылдыққа 100 камера алынады, яғни, «Қауіпсіз қала» деп. Яғни, қазір ашылып жатқан Нұр-Сити, Болашақ, Батыс, Батыс-2 шағын аудандарында орнату белгіленген, қазір жұмыстар жүріп жатыр. Бақылау тәулік бойы жүргізіледі онлайн режімде. Бәрін қамтамасыз етіп отырған 5 инспектор бар.
http://24.kz
Добавить комментарий