- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Италиялық 52 градус аязда 40 шақырымды жаяу жүгірді
Экстремал Паоло Вентурини Якутияда 52 градус аязда 40 шақырымға жуық марафонды жүгіріп өтті. Бұл қашықтықты ол 3 сағат, 54 минут, 10 секундта еңсерген, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Былтыр итальяндық ультрамарафоншы ауа температурасы плюс 67 градусқа дейін жеткен Иран шөлін жүгіріп өтіп, өз ағзасының мүмкіндіктерін тексеріп шықты. Якутияның тайгасы арқылы Жер бетіндегі ең суық екі жер - Оймякон мен Томтор ауылдарының арасында 40 шақырымды жүгіріп өту Паоло Вентурини үшін тағы бір сынақ болды.
Италиялық 52 градус аязда 40 шақырымды жаяу жүгірді 50 жастағы итальяндық азамат өз мансабының көп бөлігін Падуи полициясының арнайы бөлімшесіне арнаған. Ол таулы жерлер, теңізде, дүлей апаттар кезінде талай күрделі құтқару операцияларына қатысқан. «Тек өзіңді емес, басқа адамдарды да ойлауың қажет. Осындай жүгіру маған және басқаларға экстремалдық жағдайда адамдардың өмірін құтқарып қалуға дайындық, дағдыларымды сынақтан өткізуге көмектеседі», - дейді П.Вентурини. Италиялық 52 градус аязда 40 шақырымды жаяу жүгірді Максималды төмен температура жағдайында классикалық марафон бойынша рекордқа жету үшін жаттығуға шамамен бір жыл уақыт жұмсалды. Тиісті шынықтырса, адам ағзасының мүмкіндіктеріне шек жоқ, деп сенімді Вентурини. «Осындай жүктемеге бәрі бірдей шыдай алмас. Әрине, ол үшін ағзаны шынықтырып, ерік-жігерің болуы тиіс», - деп атап өтті спортшы. Италиялық 52 градус аязда 40 шақырымды жаяу жүгірді
Добавить комментарий