- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Батысқазақстандық палуан қыз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Батысқазақстандық палуан қыз Екатерина Ларионова Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Қола жүлде үшін бәсекеде ол 63 келі салмақта вьетнамдық Ли Тхи Хьенді қиналмай жеңді.
Әкесі Алексей Ларионов жаттықтыратын Екатерина - ересектер арасында Венгрияда өткен 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ ол кадеттер арасында Азия, әлем біріншіліктерінің жеңімпазы.
Спортшы қыздың айтуынша, әзірге жастар арасында күреске көбірек түскісі келеді. Ересектер арасында топ жару үшін аса асығудың қажеті жоқ.
Оның ендігі мақсаты - 2016 жылғы Рио-де-Жанейро олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғау болып отыр.
inform.kz
- 69 просмотров
Добавить комментарий