Береке бастауы бірлікте

Қаратөбе ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай аудан орталығында тұратын өзге ұлт өкілдерінің басын қосып даcтарқан жайылды.

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, ауыл ақсақалдары, бірқатар мекеме басшылары қатысып бірлік пен татулықты ту еткен мерекенің маңызына тоқталып, ынтымақ пен бейбітшілік тіледі.

Сый-құрметпен шақырылған орыс, татар, шешен, украин ұлтының өкілдері өз кезектерінде алғыс айтып, елімізде тұрақтылық пен бейбітшіліктің салтанат құра беруіне тілектестіктерін жеткізді.

http://zhaikpress.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.