Оралда жоспарланған сенбілік ауа райына байланысты өтпей қалды

Оралда қар аралас жаңбыр жауып, 5 сәуірге жоспарланған жалпықалалық сенбілік өтпей қалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қала көшелерін тазалау мен тәртіпке келтіру айлығы «Игі істердің уақыты» ұранымен өтіп жатыр. Акция аясында қала көшелері қоқыстан тазартылып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерге, жетім балаларға көмек көрсетіледі. 

29 наурыз күні өткен алғашқы жалпықалалық сенбілікте қала көшелеріне 15 мыңдай адам шықты. ҚТҚ сақтайтын полигонға 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

http://bnews.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.