Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, ағымдағы оқу жылында мектеп бітірушілер саны, ІІІ тоқсанның қорытындысына сәйкес, облыс бойынша 4713 түлекті құрап отыр. Оның ішінде ҰБТ-ға шамамен 3577 оқушы қатысады деп күтілуде. Аталмыш оқушылардың 2393-і қазақ тілінде, 1184-і орыс тілінде тапсырмақ. Бұл облыс бойынша 75,8%-ды құрауда.