Маңғыстау облысында көпбалалы отбасы далада қалуы мүмкін. Отағасының айтуынша, Қорғаныс министрлігінің өкілдері оларды баспанасынан шығарып жатыр. Даудың басы жер телімінен басталған. Шамшырақтың бұрынғы қараушысы Жәңгірхан Сүлейменов өткен жылдың тамыз айында шығарылған соттың шешімімен келіспейді. Жоғары сотқа және Бас прокуратураға шағым түсірген. Мәселенің мән-жайын тілші тарқатады. Ондаған сот шешімдері мен талап арыздарды бірнеше рет қарап шығатын Жәңгірхан Сүлейменовтің өзі де бұл күнде заңгерге айналған.