«Ақжайық» шипажайы ЖШС

Основная информация
Мекенжайы: 
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақжайық ауылы
Телефон: 
8(7112) 55-67-67, 8 777 274 84 94

Орал қаласынан 45 шақырым қашықтықта Жайық өзені жағалауында ит тұмсығы батпайтын қалың тоғай тұсында орналасқан «Ақжайық» шипажайы 1985  жылдан бері жанға дәру, дертке дауа болып келеді. Жайық өзенінің табиғи жағалаулары әсемдігімен көз тартады: қуатты күн сәулесі мен тұнық судан қуат алып, йодбром буымен байытылған таза ауамен кеу­де кере тыныстап, тұмса табиғатқа тамсанасыз! Жан рақатына бөленіп, тек тәніңізді ғана емес, жаныңызды да сауықтырасыз! Сіздерге «Ақжайық» шипажайы айқара құшақ ашады!

Ауруға ем болып, сауға қуат дарытатын шипажайда табиғи минералды су мол қоры бар. Жер асты бұлақтан шығып жатқан хлоридті-магнийлі-натрийлі емдік судың минералдану деңгейі 9-27 г/л. Әсіресе, қандағы қант пен холестерин құрамын азайтуда мың да бір ем. 

Емдеу  көрсеткіштері:

«Ақжайық» минералды сулары мынадай аурулардан емделгісі келетін адамдарға ұсы­нылады:

Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары: жүрек ақауы, митральды комиссурото­мия­дан кейінгі жағдай, миокард, инфарктан кейінгі кардиосклероз бен жүрекке жасалған оталар, АКШ (аортокоронарлы шунттау);

Тірек-қимыл аппаратының, омыртқаның созылмалы аурулары, эндокринді жүйемен байланысты аурулар (қант диабеті және жемсау ауруы);

Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы: невроздар мен невроз тәріздес аурулар; бронх пен өкпенің созылмалы аурулары; созылмалы пневмония, созылмалы бронхит;

Әйелдердің кейбір жыныс органдары аурулары, жатырдың және оның қосалқыла­ры­ның, кіші жамбас асты қабынуларынан кейінгі аурулар.

Бальнеотрепия:

Йодбромды ванналар; шарко душы, циркулярлы душ, су асты массаж душы, механика­лық массаж, самырсын күбі, гинекологиялық суландыру, ішекті сулау.

Парафин-озокеритті  емдеу:

Тірек-қимыл жүйесінің ауруларында: буындардың қабынуында, ревматоидты полиар­тритте, жұқпалы-аллергиялық полиартритте, жарақаттарда, остеохондрозда қолданылады.

Көрсетілімдер бойынша шипажайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Әлжан сордан алынған ашқылтым тұзды саз балшықпен (тұзбен байытылған қатты сульфидті, аз сілтілі) емдеу.

Физиотерапиялық  бөлімше  (12  қондырғы):

Электрофорез, ультрадыбысты терапия, амплипульс, магнитті терапия, дарсонвали­зация, ЛФК, лазер, электросон, УВЧ, СВЧ, УФО, ингалияция.

 

Демалыс

Клуб, кітапхана, бильярд, жүзу бассейні бар сауна.

 

Таза ауа, емі дауа «Ақжайық» шипажайында демалу және емделу  үшін барлық жағдайлар жасалған.

Ыңғайлы бөлмелер, жақсы тамақтану және тиімді емдеу Сіздің денсаулығыңызды жақсартуға көмектеседі. Жылдың кез келген уақытында отбасымен, дос-жаранмен көңіл кө­теріп, демалыс ұйымдастыруға таптырмас мекен. Сұлу табиғат, шипалы таза ауа, минералды сумен емдеу шаралары  – денсаулығыңызды нығайтып, ерекше ләззат алуға мүмкіндік береді!

«Ақжайық» шипажайы Сіздерді ем алуға және демалуға шақырады!

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз