Ардагерлерімізді ардақтап, құрметтеу - парызымыз - Н.Ноғаев

Бүгін Орал қаласында Ұлы Жеңістің 69 жылдығы кеңінен аталып өтілді.

Мерекелік шара шаһардағы бауырластар зираты, «Ол күндердің даңқы мәңгі өшпейді» монументі, Кеңес Одағының Батырлары Г.Жуков, М.Мәметова, Т.Масин ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Содан кейін Жеңіс алаңына жиналған жұртшылықты құттықтаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, Батыс Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына аттанған 77 мыңға жуық адамның тең жартысындайы оралған жоқ. «Бүгінгі күнге жете алмаған, қан майданда ерлікпен қаза тапқандарды мәңгі есте сақтай отырып, қазір қатарда жүрген  ардақты ардагерлерді құрмет тұту - парызымыз. Біз  сіздердің ерліктеріңізге бас иеміз, бүгінгі ұрпақ сіздерге мәңгі қарыздар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының  ардагерлерге деген қамқорлығы ерекше. Президенттің тапсырмасымен  жергілікті атқарушы орган өкілдері ардагерлерге қамқорлық жасап келеді. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Қан майданда жауынгерлер ерлік көрсетсе, тылда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосты. Елімізде соғыстың оты шарпымаған отбасы жоқ. Бірі әкесін, бірі бауырын жоғалтты. Біз оларға тағзым етеміз», деді әкім.

30

Майдангерлер атынан құттықтау сөз сөйлеген Мұхтар Әжіғұлов пен Иван Гапич көп ұлтты халықтың қаһармандығы мен қажырлы еңбегі арқасында осы күнге қол жеткенін айтып, шеттен жау болмай, іштен дау болмай, елімізде тек тыныштық болсын,  деген ізгі тілегін жолдады.

Салтанатты жиын соңында  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған қала тұрғындары Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, соғыстан оралмаған майдангерлер рухына тағзым етті. Салтанатты жиыннан соң майдангерлер қалалық мәдениет және демалыс саябағында «жауынгер ботқасынан» дәм татып,  мерекелік концертті тамашалады. Ортаға шығып би билеп, бір жасап қалған қариялар сол күндерден естелік айтысты.

20 

Қала көшелері бойымен сондай-ақ Ұлы Жеңіс құрметіне арналған «Мәңгі өлмейтін полк» шеруі және «Жеңіс үшін аталарға мың алғыс!» автошеруі ұйымдастырылды.

Кешкісін орталық Абай алаңындағы мерекелік концерт отшашулармен тәмамдалмақ.

.

http://www.kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз