Ауырған балалармен қарым-қатынаста болған 21 адам ауруханаға жатқызылды - БҚО

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 21 қызметкері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, олардың бәрі де дизентериямен ауырған балалармен қарым-қатынаста болған асхана қызметкерлері.

Айта кетейік, аталмыш ауруханаға мектептен 129 бала түссе, кеше тағы 30-ы үйлеріне шығарылды. Қазіргі кезде ауруханада 23-і ғана қалды.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз