Батысқазақстандық шорттрекшілер ел чемпионатында жеңімпаз атанды (ФОТО)

Батысқазақстандық спортшылар Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. 

Батысқазақстандықтарды дайындап апарған бапкер Максим Лозовойдың айтуынша, аталған жарысқа төрт жас ерекшелігіне орай, Астана мен Алматы қалаларынан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарынан шорттрекшілер қатысты. 

БҚО-дан 9 ер, 4 қыз бала бақ сынады. 1998-1999 жылғылар арасынан, әсіресе, Әділ Ғалиахметов 1500 метр, 500 метр, 1000 метр және суперфиналда 1500 метр алдына жан салмай, чемпион атанды. Айбек Қадыров суперфиналда үшінші келді. Оған қоса құрамында Ә.Ғалиахметов, А.Қадыров, Ғалым Хасанов бар БҚО құрамасы эстафеталық жарыста үздік шықты.

Қыздар арасында Ғалия Жұмағазиева 1500 метрде екінші орынды иеленсе, есесіне 500 метрден, 1 мың метрден және суперфиналдан (1500 метр) ешкімге дес берген жоқ. Нұржанар Жұмағалиева 1500 метрден және орта жастағылардан Юна Пархоменко 1 мың метрден қола жүлдені еншіледі. Ғ.Жұмағазиева, Александра Суменкова, Н.Жұмағалиева және орта жастағылардан Әділ Қырымгереев, Сұлтан Керей, Азамат Үмбетқалиев, Әлішер Шатықов эстафеталық жарыста күміс медальды жеңіп алды.

null

 null

 null

 null

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз