Бекболат Тілеухан: Елдің сөзін айтыңыздар, қазақ блогерлері!

Қарағанды қаласында өткен қазақ блогерлерінің кезекті құрылтайында сөз алған ел ағасы Бекболат Тілеуханның қазақ блогерлеріне қарата айтқан сөзі:

- Арқаның төсінде басымыз қосылып отырған кезде әр нәрсенің салмағы болады. Баяғыда қазақ ауылында атты адамды көрсе, қонақжай қазақ, біріншіден, алыстан қонақ келді деп, екіншіден, ақпарат ала келді деп қуанатын. Осы күнде әрқайсымыз дамыған технологияның арқасында ақпарат жеткізушіге айналдық. Сондықтан қай-қайсыңыздың болмасын ақпарат-хабарыңыз елдің мүддесіне сай, жақсылыққа жақ болса екен деп ойлаймын. Тәуелсіз елге ең қажет дүние – егеменді елдің баяндылығы, территориялық тұтастығымыз.

Біздің қоғамда билікті, үкіметті сынағандар – құдды бір жанашыр, ал белгілі бір жетістікті мақтағандар – жағымпаз деген стериотип қалыптасып кетті. Ал біз үшін ең қымбат нәрсе – еліміздің тыныштығы. Өздеріңіз тұтас елдің жарылып жатқанын көзбен көріп отырсыздар. Ырыс алды – ынтымақ, бірлік түбі тірлік болған. Қашанда тұтас елді жау алмаған. Сол тұтастыққа Сіздердің сөздеріңіз бастай берсін. Жақсылыққа қызмет ете біліңіздер. Елдің сөзін айтыңыздар, қазақ блогерлері!

ІҮ Блогқұрылтай.

http://www.serpin.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз