БҚО-да 700,6 млн. теңгені құрайтын 12 жоба мақұлданды

БҚО әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалығымен өткен аймақтық  үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында 700,6 миллион теңгені құрайтын 12 жоба талқыланып, қолдау тапты.

«Бизнестің жол картасы - 2020» және 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламалары аясында қаралған жобалар мал шаруашылығы, қоймалау және сақтау, құрылыс, техникалық қыз­мет көрсету, көлік қызметі салаларын қамтиды.

Үйлестіру кеңесі «VENDOR» жеке кәсіпкерлігінің жүк тасымалын ұйымдастыру үшін автокөлік сатып алу жобасын іске асыруға алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағ­дар­ламасының бірінші бағыты бойынша ішінара кепілдендіру мәселесіне оң шешім шығарды. «Ақсай-Проминвест» ЖШС-ның «Бес қабатты тұрғын үй құрылысына - инвестициялар» жобасы моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында, «Сайқынстройсервис» ЖШС-ның Орал-Саратов күре жолы бойында автотұрақ салу жобасы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес мақұлданды. Сондай-ақ «Орал Жан-ойл» ЖШС-ның «Желаев өнеркәсіптік аумағында жанар-жағармай қоймасын салу және оған құрал-жабдық сатып алу», «АрАи» ЖШС-ның  құрал-жабдық сатып алу жобаларын субсидиялау құпталды.  «Жапақов А.Р.» ЖК-ның автокөлік сатып алу, «Махитов» ЖК-ның автосервис ор­талығына құрал-жабдық алу жобалары «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша субсидияланып, 1-бағыт бойынша ішінара кепілдендірілетін болды.

Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында сырымдық «Бел­хайырова Г.А.» жеке кәсіпкерлі­гінің Алғабас ауылы маңындағы автокешен нысанын газбен, электрмен қамту және кешенге кірме жол салу жөніндегі үш бірдей жобасы мемлекет есебінен қа­жылан­ды­ры­ла­тын болып шешілді. Ақжайық ауда­нындағы «Әсем», «Мақ­сат», «Сәр­сенғалиев», «Нұғы­­ман», «Ата жо­­­­­лы» шаруа қожа­лықтарының қыстақтарын электрмен қам­ту, яғни «Бизнестің жол картасы - 2020» бағ­дарла­масы­­ның 1-ба­ғыты бо­йынша өнді­рістік инфра­құрылымды дамыту бойынша жүргізілетін құ­­рылыс жұмыс­тарын мемлекет есе­бінен қаржыландыру мәселесі өз шешімін тапты. 

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз