БҚО-да әлеуметтік маңызды автобус бағыттарын субсидиялауға 21 млн теңге бөлінді

Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызды автобус бағыттарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 21 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Биыл 6 айдың ішінде облыс көліктері 209 млн жолаушыны тасымалдаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық. 

Бүгінде БҚО-да тұрақты 5 халықаралық, 2 облысаралық, 35 қалалық және 34 облысішілік автобус бағдарлары жұмыс істейді. Оларға 12 тасымалдаушы кәсіпорны қызмет көрсетеді. 

«Біз 10 бағдарға қызмет көрсетеміз. Көптеген аудан орталықтарының Оралдан ара қашықтығы шамамен 500 шақырымды құрайды. Бағытымыздың 70%-ында жол нашар. Біздің бағамыз 1 мың теңге. Жеке меншіктегілер 3 мың теңге алады», - деп атап өтті «Қазақстан Елім» ЖШС директоры Қуан Таушанбаев. 

«Өткен жылы жолаушы тасымалдаушылардың шығынын жабуға 19 млн теңге бөлінген болатын. Биыл 21 млн теңге қарастырылып отыр. Оның 10-ы игеріліп те қойды», - деді БҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы бөлімінің басшысы Марат Түрікпенов.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз