БҚО-да шиншилла өсіріледі

Қазақстанда алғашқы болып шиншилла өсіру Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданында қолға алынуда. Бұл туралы баспасөз брифингінде аталмыш ауданның әкімі Санжар Әлиев айтты.

100 басқа арналған шиншилла өсіру фермасының құрылысы биылғы тамыз айында аяқталмақ. Келесі жылы шиншиллаларын 1000 басқа жеткізуде жоспарлаған бұл ферма өнімін экспортқа да шығармақ.

Бұл кішігірім кеміргіш аң қоянға ұқсайды. Ол жабайы күйінде тек Америка құрлығында тіршілік етеді. Шиншилла терісі сән индустриясында аң терісі бұйымдарының ішіндегі ең қымбаттарының қатарында.

Нұрлыбек РАХМАНОВ
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз