Бөтелкелесін ұрып өлтірді

Бөрлі аудандық соты ҚР Қылмыстық Кодексінің 103-бабы 3-бөлігімен айыпталған В. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қарады.

Ол кінәлі деп табылып, алты  жыл алты айға бас бостандығын айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыстық іс материалдарына сәйкес, биылғы 9 маусымда Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында төрт жас адам арақ ішкен. Ащы суға масайған В. қасында отырған Д-ны ішімдікке жұмсаған. Алайда, соңғысы барудан бас тартқан. Сол кезде В. үстел басынан тұрып,  Д-ға жақындап келіп, оның басынан екі рет ұрған. Сыртқа қашып шыққан оның соңынан тұра ұмтылып, аула ішінде басына тағы да төрт рет қатты соққы келтірген. Кейін  Д. ауладан секіріп өтіп, үйіне қарай жүгіре жөнелген. Бірақ көп кешікпей алған жарақаттың салдарынан құлап, сол жерде көз жұмған.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз