Ас, тағам

1. Сыйлап берсе, суын іш.

2. Тату үйдің тамағы тәтті.

3. Ас - адамның арқауы.

4. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

5. Жарлының бір тойғаны - шала байығаны.

6. Сыйласқанның суын іш.

7. Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.

8. Аштың ақылы астан әрі аспайды.

9. Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.

10. Тоқ адамды ұйқы басады,
           Аш адамнан ұйқы қашады.

11. Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.

12. Қарны ашқан қазанға қарар.

13. Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.

14. Асы жоқ алтын аяқтың, алтынын ал да отқа жақ.

15. Есек мінген ат сұрамайды,
           Балық жеген ет сұрамайды.

16. Шыбын да балға қонады.

17. Қайнаған қара суда қасиет бар.

18. Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.

19. Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

20. Ат - адамның қанаты, ас - адамның қуаты.

21. Асы бар аяқ әдемі.

22. Өле жегенше, бөле же.

23. Жат асыңа қарайды, дос басыңа қарайды.

24. Ашқа қазан астырма, тоңғанға отын жақтырма.

25. Асы бар аяқтан аттама.

26. Жаманнан жарты қасық ас қалар.

27. Дүниеде тас қатты, тасты еріткен ас тәтті.

28. Ет дегенде бет бар ма.

29. Күріштің мәнін май келтіреді.

30. Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.

31. Ауру - астан, дау - қарындастан.

32. Құр аяққа бата жүрмес.

33. Қыздың тамағы қылдай.

34. Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.

35. Досыңның асын қасыңдай іш.

36. Ет - етке, сорпа - бетке.

37. Қойдың басы - құданың асы.

38. Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім.

39. Мешкей деген жақсы атақ емес.

40. Жылқының етін жесең тісіңе кіреді,
           Жемесең түсіңе кіреді.

41. Ас қадірін тоқ білмейді.

42. Той тамағы - тәтті.

43. Аспазшының қарны асқанына тояды.

44. Атыңды сат, тоныңды сат,
            Жатарыңда бір тойып жат.

45. Қуыс үйден құр шықпа.

46. Кісі кірмеген үй көрмен тең,
           Ішілмеген ас умен тең.

Қазақ

Метко сказано: