Хакалодан алданғандарға келген залал 1 млрд. теңгеден асты - БҚО

ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, Орал қаласының тұрғыны Алина Хакало өзін USAID бағдарламасының операторы ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді қармағына түсірген.

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қаржы пирамидасын құрған 1982 жылы туған азаматша Хакалоның «қызмет ауқымы» тек Орал емес, Ақтөбе, Алматы қалаларын да қамтып, 2009 жылдан бастап аталмыш бағдарламаның грантын алуға жалған келісімшарттар жасап, барлығы 38 заңды тұлғаны алдаған. Қазіргі кезде оның қылмыстық іс-әрекетінің 9 түрі бойынша тергеу жүргізілуде. 

Атап айтқанда, Ж.Сариева жеке кәсіпкерлігіне - 22,5 млн., А.Дүйсебаева ЖК-ге - 25,8 млн., А.Ақашаева ЖК-ге - 27 млн., «ДМ+Профи» ЖШС-ға - 30 млн., «Ақтөбе қаласы әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігіне - 40 млн., А.Дәуленбаева ЖК-ге - 66 млн., «Сауда-Инвест» ЖШС-ға - 147 млн., Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне - 235,9 млн., «Конденсат Холдинг ЛТД» ЖШС-ға 408 млн. теңге, барлығы 1 млрд. астам теңге залал келтірілген. Бұл қаржы Хакало құрған жалған кәсіпорындардың есепшотына аударылып, екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. 

БҚО Ішкі істер департаменті Хакалодан зардап шеккен Қазақстан тұрғындары болса 8-711-2-98-45-12, 98-42-62, 98-42-60, 98-45-10, 98-41-81, 98-45-30 телефондарына хабарласуларын өтінеді.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз