Көлігімен 3 адамды қаққан БҚО шенеунігі қызметінен шеттетілді

Бұған дейін ҚазАқпарат хабарлағанындай, 6 сәуір күні мас күйінде үш адамды қағып кеткен Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бралиев аудан әкімінің өкімімен қызметінен шеттетілді. 

Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Мансұр Төлегеновтің айтуынша, қазіргі кезде А.Бралиевке қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Ол үш бірдей адамды автокөлігімен қағып қана қоймай, оқиға орнынан бой тасалаған еді. Бұдан бұрын оның кінәсін полицейлер анықтап, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 467-бабы 3-бөлімі және 469-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған болатын. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе де шешілетін болады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз