Корейлер Оралда «Қазақ халқына мың алғыс» монументін тұрғызды

Корейлер Оралда «Қазақ халқына мың алғыс» монументін тұрғызды.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысындағы корей этномәдени бірлестігінің басшысы Максим Пак мәлім етті.

Оның айтуынша, Корей халқының Қазақстанға қоныстанғанына 75 жыл толуына орай, Батыс Қазақстанда корейлердің этномәдени бірлестігінің барлық активі «Қазақ халқына мың алғыс» деген монументті тұрғызу жөніндегі шешімді  бір ауыздан қабылдаған.

«Біз Қазақстанның корейлер қауымдастығының бастамасын жалғастыруды ойладық. Естеріңізде болса, былтыр мамыр айында Үштөбе қаласында Қазақстан халқына алғыс ретінде монументтің іргетасын қалаған болатын. Батыс Қазақстан корейлері бұл іске атсалысуды шештік. Орал қаласы мәдениет және демалыс саяжайында «Қазақ халқына мың алғыс» монументін тұрғыздық. Ол граниттен жасалған және 1937 жылы қиын-қыстау заманда таршылық өмір сүрсе де, корей халқын бауырына басып, бір үзік нанымен бөліскен қазақ халқына деген құрметімізді білдіреді. Біз қазақтың мұндай жақсылығынан кейін шеткері тұрғымыз келмеді», - дейді ол.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз